Уакыт тапшылыгы мен карбаластыктан болып сонгы кезде блогыма жаза алмаи журмин. Жеке басымда коптеген озгеристер болуда, ари алда да бираз озгеристер болады. Барлыгы, шукир, жаксылык.
Еки жылдык магистрантурамды оидагыдаи аяктадым, Аллага шукир. Алла каласа 16 Тамыз, 2008-де уиленемин. Болашак жарымнын аты Еркеш. Тои Монголия, Баян-Олгеи аимагынын Тулба деген ауылында болады. Барлык Казак блогшыларын шакырамын. Тоидын бираз суреттери мен ауылымнын коринистерин илетин боламын, иншаллах.
Осы апта Моңғолияда бұл апта төрткүл Әлемді дүрліктірген оқиға болып өтті. Моңғолияда Конститутцияға сәйкес Парламент 4 жылда бір рет жасақталады. Парламентке саяси партиялар мен жеке адамдар атын ұсынып, көпшілік дауыс иеленген үміткер Ұлы Хурал мүшесі болады. Әрбір аумақтың халқының санына байланысты Парламентке 2-4 орын берілген. Мысалы Баян-Өлгей аймағына Парламенттен 3 орын беріледі.
Парламент мүшелерінің саны 76. Ең көп орын алған саяси партия немесе одақ, Үкіметті басқарып, өзінің сайлау алды әзірлеген жоспарын осы 4 жылда орындауы керек. Оқуды жалғастырыңыз »
Екі айда бір шығатын ForeignPolicy.com журналынан көзі тірі Әлемнің ТОП 20 зияткерін атаған екен. Сауалнамаға 500,000 адам қатысып дауыс берген. Бір қызығы аталмыш ТОП 20 зияткердің көбі мұсылмандар екен, әрі көпшілігі баршамызға танымал.
1. FETHULLAH GÜLEN
2. MUHAMMAD YUNUS
3. YUSUF AL-QARADAWI
4. ORHAN PAMUK
5. AITZAZ AHSAN
6. AMR KHALED
7. ABDOLKARIM SOROUSH
8. TARIQ RAMADAN
9. MAHMOOD MAMDANI
10. SHIRIN EBADI
11. NOAM CHOMSKY
12. AL GORE
13. BERNARD LEWIS
14. UMBERTO ECO
15. AYAAN HIRSI ALI
16. AMARTYA SEN
17. FAREED ZAKARIA
18. GARRY KASPAROV
19. RICHARD DAWKINS
20. MARIO VARGAS LLOSA
Қысқа, қысқа деп бұрын да блогыма жазушы едім. Бұл жолғы қысқалар қарбалас жүрген кезімдегі ұзын жазбалар еді.
1. Іздеу жүйелерін әлі де Google көш бастап келеді..
2. Әлемде 1 миллиардтан астам компьютер жұмыс істеуде. 2014 жылы бұл көрсеткіш еке есе көбейеді. Бұл компьютерлердің 58%-і Батыс Европа, Жапония және АҚШ-қа тиесілі. Бұл елдердің халқының саны Әлемнің 15%-ін иеленсе де, компьютерлердің жартысынан астамын иеленеді екен.
3. Alexa, Compete.com, немесе Quantcast да керек емес. Енді Google Trends! Вебсайттарға ең жақсы талдауды Google жасай алады, әрине.
Ойлаңыз, Алматының әсем табиғатының немесе Астанадағы жаңадан бой көтерген ғимараттың суретін түсіріп алып Flickr.com сияқты сайтқа қойдыңыз. Бітті, суретіңізге “right click”, сосын бірнеше сайттардан көресіз.
Егер маманды фото-суретші емес болсаңыз, менің суретімді қолданыпты деп бір қуанып қаласыз. Бірақ авторлық құқығын қорғағысы келетін фотосуретшілер үшін бұл үлкен бас ауыртарлық жайт болып саналады. Сондықтан суреттеріңіздің авторлық құқығын сақтай отырып, сонымен қатар сатуға да болатын бір сайтты ұсынамын.
Photrade.com қазір бета түрінде бұл қызметтерді ұсынады. Блогыңызға жақсы бір суретті сатып алып қоюға да болатын шығар, егер Гууглдан іздегеннен жалықсаңыз. Төмендегі суреттен түсінікті болар.
Жаңадан тіркелу үшін тіркелген мүшелерден шақыру күту керек. Мен әзірге 3 шақыру жібере аламын. Керек болса хабарласыңыздар.
YouTube сайты қосқан видеоларыңызға қосымша ақпарат бере алатын түсініктеме құралдарын қосты. Бұл құралдарды қолданып, видеоларыңызды жаңаша өңдей аласыздар.
Әзірге 3 құрал:
-Add speech bubble - сөйлеп тұрған адамның әңгімесін көрсету
-Add note - видеоға белгілеу жасау
-Add spotlight - видеоның бір бөлігін айрықша көрсету үшін қолдануға болады
Құралдарды пайдалану үшін My Videos бөліміндегі, видеоның тұсындағы Edit Annotations басыңыз. Қосылған түсініктемелердe басқа бір видеоға сілтеме көрсете аласыздар, және уақыты мен бейнені бір бірімен сәйкестіре аласыздар.
Фейзбук, YouTube сайттарына және басқа сайттарға суреттерден, сурет-видео араластырып видеомонтаж жасап қою керек болады.
OneTrueMedia сайты онлайн түрде слайд-шоу дайындауға, видеомонтаж, фотомонтаж, э-жолдама жасауға мүмкіндік береді екен. Сондай-ақ cуреттерге арнайы еффект, қозғалыс беріп, музыка қоса аласыз.
Компьютерден немесе Flickr.com, Photobucket сайттарына қойған суреттеріңізді тікелей еңгізуге болады.
Файрфокс браузері 3-нұсқасын шығарып, Әлемдегі ең көп програма түсірілген күн деген атақпен Гиннес Әлем Рекордтары қатарына енбекші. Алдымен Файрфокс жанкүйерлерінен өтініш қабылдауда.
Мен Файрфоксты Қазақстанның атынан түсіруге ниет білдіруші 43ші адам екенмін. Жаңа нұсқасын э-пошта арқылы немесе сайтында хабарландырады.
М-агент қазақша шықты. Орысшасынан маған қазақшасы жақсы әрине, былайша түсінікті екен. Аздаған қателер байқалады, бірақ жаман емес.
Осыдан қарағанда алдағы уақытта Мail.Ru барлық қызметінің қазақша нұсқасын дайындауы мүмкін. Қазақша мұндай қызметтер әзірге жоқ болғасын, ағылшынша немесе орысшаға тәуелді боламыз.
Бірақ м-агент маған ұнамайды, спам келе береді, жалықтырады. Көп те контактларым жоқ. Бірақ қазақша нұсқасын тексеріп көріңіздер деген ниетпен жазып қойдым.